«МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН!»

0

13 жылдан кейін тұғырына қайта қонған ұлық мерекені қордайлықтар жоғары деңгейде атап өтті. Айтулы күнге орай аудандық Мәдениет үйінде «Мәңгілік жаса, қыран елім  Қазақстан! » атты салтанатты шара өтті. Ауқымды мерекелік жиынның алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімі Бегзат Болатбеков алды.

– Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекетіміздің ел болып қалыптасуында, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінде Қордай халқының қосқан үлесі зор. Қай сала да болмасын, көш бастаған ауданымыздың экономикасы дамып, халықтың тұрмыс деңгейі артып келеді. Бұл — бірлік пен татулықтың арқасында қол жеткізген ортақ еңбек. Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға ырыс-несібе, амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін, — деген аудан басшысы мерекеге орай аудан дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірқатар азаматтарға мәслихат төрағасы Н.Садықовпен бірге   «Қордай ауданының Құрметті азаматы» төс белгісін салтанатты түрде табыс етті. Атап айтсақ, Гүлнәр Әлімбаева, Таня Апаева, Құрманбек Әлімжан,  Лоу Исхар, Рахымбай Молдашев, Руслан Нурсипатов,  Сергей Сидоренко сынды әр салада абыройлы еңбек етіп, аудан дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленді. Сонымен бірге, бірқатар азаматтар мемлекеттік награда,  төсбелгі, медальдармен марапатталды.

Ұлтты ұйыстыратын осынау айтулы күннің көрігін аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, одан әрі қыздыра түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.