Мәдениет қызметкерлері марапатталды

0

Мәдениет пен өнер – өмірдің ажырамас бөлігі, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Мәдениет пен өнер саласындағы мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол.

Ауданымыздың мәдени және рухани әлеуетін арттыруға үлес қосып, еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлерін сейсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қабылдап, аудан әкімі Бегзат Болатбековтың атынан құттықтады.

«Мәдениет пен өнер саласына сіңірген еңбектерінің үшін, халқымыздың мәдени құндылықтарын жас ұрпаққа дәріптеп,  саланың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Шығармашылық жолдарыңызға толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Аудан тұрғындарын тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер», — деп мереке иелеріне ізгі тілегін жеткізген Дамира Маратқызы бірқатар мәдениет саласы қызметкерлерін марапаттады.

Атап айтатын болсақ, Цемзауыт ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Е.Сарсенбаев Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі М.Балмухамбетов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қордай аудандық мәслихаты төрағасының Құрмет граматосымен Қордай аудандық Мәдениет үйінің мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Ақылбаева,  «Ойжайлау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ұ.Шалабаева марапатталды. Қордай аудандық Мәдениет үйінің сүйемелдеушісі А.Нұрғалиев мәслихат төрағасының Алғыс хатын иеленді. Облыстық халық шығармашылығы орталығының алғыс хатымен Ғ.Иманбаева, Э.Джунусова марапатталып,  бірнеше  қызметкерлерге  Қордай аудандық мәдениет үйі директоры Е.Боранбектің, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы С.Балпукованың  алғыс хаты табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.