МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ ТАРТУ

0

Бір жыл бұрын Қарасу ауылдық мәдениет үйі есігін көпшілікке айқара ашып, қолданысқа берілгені мәлім. Осы ретте ауылдық мәдениет үйінде Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Мәдениет ошағы – ауылдың рухани айнасы» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қарасу ауылдық округінің әкімі Әлхан Жанияз мәдениет үйінің қызметкерлерін құттықтап, «Алғыс хатпен» марапаттап, гүл шоғын тарту етті. Осы мерекенің басты қонағы ауданымызға танымал айтыскер ақын Күмісай Сәрсенбаева өзінің жүрегінен шыққан өлең жолдарын жолдап, мәдениет үйіне сыйлықтар тарту етті. Әуезді әндер шырқалды, мың бұралған бишілердің өнері дүйім жұртқа ерекше көңіл күй сыйлады. Ауылымыздың ақсақалдары да мәдениет үйіне сыйлықтар тарту етіп, шығармашылық табыс тілеп батасын берді. Өткізілген іс-шара қатысушыларға үлкен әсер беріп, дүйім жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.