Мәдениет саласының қызметкерлері Конституцияның жаңа бағыттарын талқылады

0

Қордай аудандық мәдениет үйінде Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Қ. Балпукованың қатысуымен Конституциялық нормалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдер орталығы», «Аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейі» және «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемелерінің ұжымдары қатысты.
Іс-шара барысында бөлім басшысы С. Балпукова тақырып бойынша баяндама жасап, қатысушыларға мазмұнды таныстырылым ұсынды. Сонымен қатар, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Б. Ыбышева және «Аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейі» КМҚК директоры М. Балмуханбетов тақырып аясында баяндамалар оқыды.
Қорытындылай келе, Жаңа Конституция – халықтың еркін білдіретін, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ең басты құжат екені туралы түсінік берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.