МӘСЕЛЕЛЕР ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМІН ТАБАДЫ

0

Партияның Саяси кеңесінің 2019 жылғы 21 тамыздағы кеңейтілген отырысының №001 хаттамасының 4.1-тармағымен Үкімет мүшелерінің және облыс, қала, аудан, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің 2024 жылғы 1-тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес 24 қаңтар күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан басшысымен бетпе-бет жүздесіп, талап-тілегін жеткізуге бұл күні 15 азамат мүмкіндік алды. Қабылдауға келген тұрғындар түрлі салаға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, Қордай ауылы тұрғыны Ж.Сабиров Панфилов-Абай көшесінің жолдарын жөндеуді сұрады. Бұл мәселе жөнінде жауапты тұлғалар Красный партизан және Цемзауыт ықшам аудандарында су жүйесінің желісін жүргізгеннен кейін пайда болған шұңқырларды  шағалмен толтырып, қосымша тегістеу жұмыстары мердігер тарапынан жүргізілетінін айтты.

Ал Қордай ауылы Шығыс ықшам ауданының тұрғыны А.Қабылжанова ауыз су мәселесін шешіп берсеңіздер, деген өтінішімен келген. Аталмыш мәселе бойынша аудан әкімдігінің ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысы А.Абсеитов сөз алып, Қордай ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі Беріктас көшесінің бойында салынған су қабылдағыш жүйесін іске қосқаннан кейін ТҮКШ және АЖ бөлімі тарапынан Шығыс алқабында тұрғындарға берілген үйлер сумен қамтылатындығын түсіндірді.

Қабылдауға келген өзге азаматтар қаржылай көмек, тұрғын үй мәселесі, басқа да өтініштерін жеткізді. Бегзат Сейсенқұлұлы тұрғындардың барлық мәселелері назарға алынатынын және заң аясында тиісті көмек көрсетілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ бірқатар сұрақтар бойынша жауапты бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.