2023 жылғы 10 қазан күні Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына №19 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидаттармен және олардың сенім білдірілген өкілдерімен кездесу өткізді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34 баптарына түсініктеме берді. Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс. Мемлекет кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін сөз сөйлеуге және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні айтылды.
Осы мәселе бойынша кандидаттарға үгіт-насихат іс-шараларын өткізуге бөлінген қаражатты пайдалану тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар, үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні сенімді тұлғалардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді және туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы