«Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз» ,-деген екен ағылшынның атақты суретшісі Бэкон. Пәннің қоғамдағы маңызын айшықтаған осы сөздің тапқырлықпен айтылғанына тәнті болдым.
«Өрлеу» БАҰО-ның жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл облысы, Қордай ауданы бойынша математика пәні мұғалімдерінің басын қосып, көшпелі курс өткізгенде алғашқы күнгі дәрісімді осы қанатты сөзбен сабақтай бастадым. Иә,расын айтқанда, дамыған қоғам үшін білімді игеру зеректікпен бастау алатыны мәлім. Ауыл ұстаздарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, Қордай өңіріне атбасын тіреп, мұғалімдермен дидарласып, математика пәні бойынша алғашқы күннен келелі мәселелерді сұрастырып, тәжірибелерінің жаңа қырынан толысуына септігімді тигізуді мақсат еттім.
Курс барысында тыңдаушылар мәтіндік есептерді шығарудың оқыту әдістемесін игеру үшін бірлесе еңбектендік, ерекшеліктеріне тоқталып, оны өзара талқыладық. Мәтіндік есептерді шығару әдістерін үйренуде түрлері мен оның типтеріне терең мән беру арқылы мәтін есептерді шешудің алгоритмін құрастырып, оны түсіндіруде қызығушылық жоғары болды. Тыңдаушылар берілген тапсырманы жеке орындап, жұппен бөлісіп, топта талқылауға жұдырықтай жұмылды. Мәтін есептерді шешудің ортақ әдістері мен айырмашылықтарын анықтап, өз тәжірибесімен салыстыруда ұстаздар белсенділігімен көрінді. Педагогтер курстан алған білімдерін күнделікті өз тәжірибесінде жүзеге асыру үшін, курс барысында алған білімдерін бірден инстаграмм желісіндегі flippity.net,quiziz,wier te, gelan, jambort платформаларында қолданып, тапсырмаларын енгізіп, өз білім, біліктіліктерін жетілдіруге ынталы екенін көрсетті. Іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісуде құштарлықтарын танытқан математика пәні мұғалімдерінің жаңашылдыққа, әдістемелік ілімге деген ынтық сезімдері курстың қызықты да тартымды өтуіне сеп болғандай. Оған күнделікті жұмыс барысында көз жеткізудеміз.
П.Каркабаева, «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби даму институтының тренері