«МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ» БУКТРЕЙЛЕРІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

0

Кітап — адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік»- деген еді Ғабит Мүсірепов. Оқу, соның ішінде, балалар оқуы қоғам үшін қай кезде де маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушылары арасында аудандық «Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналады» атты тақырыпта білім бөлімінің әдіскері А.Байгелованың басшылығымен буктрейлер құру байқауы өтті. Байқауға ауданның 38 мектебі қатысты. Буктрейлер заманауи арнайы эффектілер мен аннимацияларды қолдана отырып, М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың негізінде жасалды. Байқаудың қазылар алқасы тақырыптың ашылуына, жаңа ақпараттық технологияны, көрнекі құралдарды пайдалануына, ақын кітаптарына назар аудара отырып, кітаптарды насихаттауына үлкен мән берді.  Аудандық байқаудың қорытындысы бойынша № 1, 3, 4, 14, 31, 42 орта мектептері жүлделі орындарға ие болды. № 4, 14 мектеп оқушыларының жұмыстары облыстық байқауға жіберілді. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік контент», «Ең үздік шығарма», «Ең үздік иллюстрация», «Үздік еңбектер жинағы» номинациялары бойынша өткізілген буктрейлер дайындау облыстық байқауына 28 мектеп қатысты. Нәтижесінде «Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша Қордай ауданы №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Жұмахан Сабина 1-орынды иеленді, жетекшісі Ұлбосын Абильдаева, сынып жетекшісі  Әлия Самакова, «Үздік еңбектер жинағы» номинациясы бойынша №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Мейрамбек Камилла 3-орынды иеленді, жетекшісі Ботагөз Нұрбаева, сынып жетекшісі Айнұр Тоқбаева.

Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекетін дамыту, шығармашылығын арттыру мектеп кітапханасы жұмысының бір бағыты болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ.

Қордай аудандық білім бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.