«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен жастар арасында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында «Дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Басқосуда кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, тәуекелдерін азайту, оның алдын алу шаралары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, арнайы «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық залал» атты өңірімізде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы және парасаттылық пен адалдық қағидаттарын дәріптеу бойынша ұсынымдар берілді.
Бұдан өзге, Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер мен партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарын қалыптастыру және парасаттылық пен адалдық қағидаттарын дәріптеу бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты еліміздің әр азаматына қатысты екені айтылды.