2 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және БАҚ өкілі қатысты.
Сессияда Қордай ауданы әкімдігінің жанындағы адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілді. Депутаттар 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №16-6 «Ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізді және аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған уақытта оның уәкілеттігін уақытша жүзеге асыру туралы мәселені қарады.