Қазақстан Республикасы бойынша «Аtamnun Amanaty» акционерлік қоғамы Ұлы Отан соғысында майданда, тұткында қайтыс болған жерлестерімізді іздестірумен айналысатын қоғам.
Аты аталған қоғамның іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бірқатар жерлестеріміз табылған. «Аtamnun Amanaty» акционерлік қоғамы Қорғаныс Министірлігіне табылған майдангерлердің туған- туыстарын табу жұмыстарында көмекке жүгінді.
Құрметті Қордайлықтар төменде аты аталған Ұлы Отан соғысында елім, жерім деп қайтыс болған жерлестеріміз туралы қандай да ақпарат білетін болсаңыздар Қордай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласуыңызды сұраймыз: 4- 86- 30, ұялы телефон 8-775-886-7005, немесе: Қордай а. Сауранбаев көшесі № 183 мекен жайына хабарласуды сұраймыз. Ескертілетін жағдай майдангерлердің аты, жөні, тегінде, мекенжайында қателер болуы мүмкін:
— Нурбеков Аман — 1901 ж.т., Красногор ауданы, Прикский а/о,
— Амонтаев Салимбай — 1911 ж.т., Красногор ауданы,
— Миизбаев Жаксыбай — 1906 ж.т., Красногор ауданы,
— Чаробасов Тайжан — 1900 ж.т., Курдай ауданы,
— Кошкарев Михаил Александрович — 1909 ж.т., ст.Отар,
— Динхуров Мусах — 1913г.р., Караконус а, Курдай ауданы,
Евлин Алексей Пантелеевич — 1923 ж.т., Михайловка а., Курдай ауданы,
— Протоковилло Иван Денисович — 1924 ж.т., Георгиевка а,
— Лисаков Михаил Филиппович — Кордай ауданы,
— Тостанов Сургай — 1897-1902 ж.т., к/з Актас Красногор ауданы,
Базарбаев Андабай — 1900 ж.т., Курдай- Павловка а., Красногор ауданы,
— Есхожаев Кадырбай- 1903 ж.т., к/з Красный партизан,
— Бедельбаев Нурлан — 1917 ж.т., Қасық а.
Г.ДАМИНОВ, Қордай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, полковник