МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

0

Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Мерейтойға орай жыл басынан бері аймақта түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Таяуда айтулы датаға орай салтанатты жиын өткізіліп, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар азаматтарға мемлекеттік марапаттар табыстады. Елдігіміздің қалыптасуында маңызды рөл атқарған Жамбыл жерінің бүгінгі күнде де Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер мен тапсырмаларды іске асыруда бірқатар бағыттар бойынша көші ілгері екені даусыз.  Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұйымшыл тұрғындар ауданның ғана емес, тұтастай мемлекетіміздің гүлденуі жолында аянбай тер төгіп келеді. Облыс әкімі Ербол Шырақбайұлының қатысуымен өткен жиында Қордай ауданындағы «Қанағат» шаруа қожалығының төрағасы Жұмахан Кәкетай «Құрмет» орденін иеленді. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, халықтың мәдениетін арттырып, ұлттық өнерімізді өркендетуге үлесін қосып жүрген жерлесіміз Қарлығаш Қожағазина аймақ басшысының қолынан «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін алды. 85 жылдық торқалы тойын атап өтіп жатқан Жамбыл өңірі елге белгілі жүздеген тұлғаны тәрбиелеп өсірген киелі мекен. Мәдениет, әдебиет, өнер мен ғылым салаларында, білім саласында биік белестерді бағындырған, халықтың, ұлттың мақтанышына айналған тұлғалар жетерлік. Тарихы – терең, мәдениеті – асыл өлкеден талай тұлғалардың шығуы да заңды. Барша марапат иегерлерін құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.