«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 2 тармағына және Масаншы ауылдық округінің әкімінің міндетін аткарушы Ғ.Қарасартовтың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 02-358 өтініш хаты негізінде ШЕШТІМ:
- «Масаншы ауылындағы «Береговая» көшесінің атауын «Шерхан Мұртаза» көшесі деп атау беру, қайта атау» тақырыбында, Масаншы ауылы, Масаншы ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында 2025 жылдың 9 қаңтар күні сағат 10:00-де Масаншы ауылдық округінің әкімі Х.Буларовқа жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуіне оң шешім берілсін.
- Масаншы ауылдық округінің әкімі Х.Буларовқа жергілікті қоғамдастық жиынын Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру жүктелсін.
Қордай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б. Сахатов