МАСАНШЫДАҒЫ МӘНІ ЗОР КЕЗДЕСУ

0

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейтойын мерекелеу аясында көптеген іс-шара ұйымдастырылуда. Соның бірі жақында Масаншы ауылында өтті. 

Ауылдық мәдениет үйінде «Бейбітшілік пен келісім жастардың таңдауы» атты түрлі этнос жастарының кездесуі өтті. Іс-шараның бас-ты мақсаты – жастар арасында этносаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайту.

Кездесуге Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» төрағасының орныбасары Лугмар Буларов, «Қазақстан халқы Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев, Жамбыл облысы Жастар қанатының төрағасы Хамида Турдиева, қатысты. Кездесуде «Қазақстан халқы Ассамблея жастары» ұйымының Қордай ауданы бойынша өкілі Исмаил Щимеев таныстырылды. Ол Ауқатты ауылындағы аурухананың аға дәрігері, денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ қайырымдылық және еріктілік бағытындағы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруда жоғары тәжірибеге ие жан.

Жиын барысында түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен келісімнің маңыздылығы талқыланды.

Спикерлер әрбір этностың мәдениеті мен тарихына деген құрметтің қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған нақты қадамдар ұсынылды.

Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры, һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. Осыны меңзеген жиын барысында қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, келген қонақтар аудан жастарының жетістіктерімен танысып, бай тарихи мұраларына да қанық болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та былтыр аталған ұйымның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, ел саясатының бұлжымас бағдары болып қала беретінін айтқан болатын.

«Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз», — деген болатын Мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.