МАСАНШЫДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ШАРУАЛАР ТУРАЛЫ

0

Қордай аудандық баспасөз орталығында Масаншы ауылдық округінің әкімі Хусейн Буларов 2025 жылдың 6 айындағы атқарылған жұмысы туралы есеп берген болатын. Аудандағы ірі елді мекендерінің бірі болып табылатын Масаншыдағы маңызды шаралар туралы ауыл басшысы тікелей эфир барысында бірқатар тың мәліметтер де келтіре кетті

«Ауылдық округтің жалпы аумағы 41 519 гектарды құрайды. Бүгінде жеке тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекте 1 704 адам тұр. Бұл көрсеткіш жерге деген сұраныстың жоғары екенін білдіреді. Ал ауылдық округтің жалпы халқы 21 053 адамды құрайды. Масаншы ауылында – 19 832 адам, Күнбатыс-1 ауылында – 352 адам, Күнбатыс-2 ауылында – 869 адам тұрады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында округте 276 нәресте дүниеге келді. Қазіргі таңда округтің экономикалық белсенді халқы 11 233 адамды құрайды, бұл ауылдың еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың динамикасын көрсетеді», — дейді Хусейн Баширович.

Ауыл әкімінің айтуынша қазіргі таңда ауылдық округте балалардың білім алуына қатысты барлық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта округ аумағында 5 мектеп, 2 балабақша және 1 кешкі мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны 4 209-ды құрайды. Ал мұғалімдер саны – 442, олар балалардың білім алуына қажетті барлық жағдайды қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, округтегі 2 балабақшада 420 бала тәрбиеленуде және 667 бала ыстық тамақпен қамтылған. Бастауыш сынып оқушыларының барлығы тасымалданады.

Осымен қатар, денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Масаншы ауылында 15 төсек-орындық стационар және 35 төсек-орындық күндізгі стационар жұмыс істейді. Онда барлығы 69 медицина қызметкері қызмет көрсетеді екен. Сонымен қатар, Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ауылдарында фельдшерлік-амбулаториялық пункттер бар. Бұл округтің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде үлкен маңызға ие екені анық.

Масаншы ауылдық округінде көктемгі абаттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ағаштар әктеліп, қурағандары шабылған. 2 заңсыз қоқыс орны тазартылып, ауылда абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу үшін жергілікті билік тарапынан азаматтар жауапкершілікке тартылып, 2 адамға айыппұл салынса, 22 тұрғынға ескерту берілген.

Ауылдық округтің газбен қамтылу деңгейі де жақсы көрсеткіштерге жеткен. Масаншы ауылында газбен қамту деңгейі 90%-ды болса, Күнбатыс-1 аулы толығымен қамтамасыз етілген, ал Кунбатыс-2 ауылында бұл көрсеткіш 96%- болған. Бұл халықтың тұрмыс сапасын арттыруға зор ықпал ететін фактор.

«Сонымен қатар, ауылдық округте жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері де назардан тыс қалмайды. Қоғамдық жұмысшылар ретінде экологиялық жұмыстарға 20 адам тартылды. Ал әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны – 11. Бұдан бөлек, округтегі жастар ұйымдарының демеушілігімен мектеп оқушыларына арналған 2 автобус сатып алынды. Осы қайырымдылықтың жалпы көлемі 25 млн теңгені құрады», — дейді Х.Буларов.

Осы орайда айта кетерлігі, ауыл әкімі баяндамасында округте салықты орындау көрсеткіштері өте жоғары деңдейде болған. Мәселен, мүлік салығы жоспары 140%-ға орындалса, көлік салығы 418%-ға, ал жеке табыс салығы 160%-ға орындалған. Жалпы салық түсімдері 300%-ға орындалған.

Брифинг соңында ауыл әкімі журналистерден және әлеуметтік желі бойныша тікелей эфирден бақылап отырған тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.