МАСАНШЫДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

0

Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Қордай ауданында ерекше қарқынмен өткен болатын. Тазалық десе тасада қалмайтын қордайлықтар осы аралықта үлкен жұмыстар атқарып, ауыл ажарын ашуға, туған жерді көркейтуге барын салған еді.

Масаншыда болған «Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз» атты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов,Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов және Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков қатысты. Мемлекет басшысы пәрменімен іске асқан акцияның маңыздылығына тоқталған қатысушылар қордайлықтардың еңбегі үшін алғыс білдірді. Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне және ел бірлігін нығайту мен Қазақстанның рухани құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған әлеуметтік, мәдени және ақпараттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін Қазақстан халқы  Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісімен Майшибекова Күлмария,  Джаахунов Абдула, Нухаров Рамазан, Щерба Малик, Лосы Паншар марапатталды. Сонымен қатар, осы күні демеушілер тарапынан Қаракемер мен Масаншы ауылының бірнеше тұрғынына кіші қажылыққа жолдама берілді.

Келесі кезекте шараға жиналған қонақтар мен тұрғындар Масаншыда ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.