МЕЙІРІМ ШУАҒЫ ШАШЫЛҒАН КҮН

0

«Наурызнама» онкүндігінің екінші күні, яғни 15 наурыз – Қайырымдылық күні деп бекітілді. Бұл мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Халқымыздың қанына сіңген ең ізгі қасиетті кеңінен дәріптеу, оның қадірін арттыру мақсатында Қордай ауданында бірқатар қайырымдылық іс-шаралары өтті.

Атап айтсақ, аудан бойынша 260 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша тұрмыс жағдайы төмен отбасылар зерделеніп, бүгінгі күнге (тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі азаматы бар) 39 отбасы анықталды. Анықталған отбасыларға азық-түлік себеттері дайындалып, таратылды. Сонымен қатар, олардан басқа аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын, толық емес отбасылар, мүгедектер және жалғызбасты аналар мен зейнеткерлерге демеушілер тарапынан қаржы қарастырылып, 121 отбасыға азық-түлік себеті, киім-кешек және сыйлық ретінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бұдан бөлек, 15 наурыз күні Үлкен Сұлутөр ауылдық мешітінің асханасында 100 адамға демеушілер тарапынан ауызашар берілді.

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.