МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ЖАҢАРТЫЛДЫ

0

Қордайдағы Абай атындағы №3 мектеп-интернатында биыл оңды өзгерістер орын алды. Аталған мектеп жанындағы интернат ғимараты көптен жөндеу көрмей тозыңқырап кетіп еді. Балалардың жататын төсек орындары да жаңартуды қажет еткен болатын.

Шағын елді мекендерден аудан орталығына келіп оқитын балалардың қуанышына орай олардың жататын төсектері матрац, көрпе, жастықтарымен толық жаңартылды. Сонымен қатар, оқу корпусының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы оқу жылы қарсаңына жұмыстар толығымен аяқталуы тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.