МЕКТЕП ШӘКІРТТЕРІМЕН МАҚТАНАДЫ

0

Ауыл – қазақтың бесігі болса, мектеп – ауылдың ұйытқысы. Ол тек оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін жүрегі, рухани өсуіне ықпал ететін ордасы. Ендеше, осындай Ауқатты ауылының мектебінен түлеп ұшқан біз мақтан тұтатын түлектер аз емес. Жуырда Ауқатты ауылы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектебінде «Мен жетістікке қалай жеттім?» және «Елімнің ерен тұлғасы» атты тақырыптарда мектептің танымал түлектерімен кездесу өтті. Шақыртылған түлектерден: Нұржігітов Өрнек, Тохтиев Закир, Абдижалова Гүлнар, Сыздықов Асхат, Абдыкалыков Қуаныш, Мамбетов Сұлтанғазы, Базарбаева Раушан, Баймуханбетов Бақыт, Насыр Талғат, Жантұрсынов Асхат, Турдубек Айдын атты түлектер қатысты. Ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген мұндай мектеп түлектерін мақтанышпен мыңдап атай беруге болады. Өмірі өнеге аға буын өкілдерімен кездесуге мектеп оқушылары да қатысты. Бүгінде түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген азаматтар жылы жүздесу барысында қызықты естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Болашаққа оралды қайтып түлектер,
Қуанған жүздер толқыныс толы жүректер.
Қаншама жылдар мектептен түлеп кеткелі,
Кездесті бүгін ұстасқан достық білектер.
Барлығы бүгін жетістікке жеткен азамат,
«Біздің түлек!», — деп қуандық ғажап-ақ.
Сағыныш толы жүректер кірді мектепке,
Біліммен қонған бастарына таза бақ!

Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында, — білімді ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жүректі арқалап келе жатқан мектептің әлі жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі алда.

Назира ТАНАБЕКОВА, Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектебінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.