«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ

0

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Мектепке балаларды дайындау, киімдері мен оқу-құралдарын алып беру ата-анаға жүктелер үлкен жұмыс. Әсіресе бір үйде бірнеше бала мектепке баратын көп балалы отбасыларға салмақ түсуі мүмкін.

Осы орайда, елімізде жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы сәтті жүзеге асуда. Қайырымдылыққа бағытталған науқан басталғалы Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері өз үлестерін қосуда. Игі істің жарқын көрінісі ретінде өңірлік «Архыз» Қарашай-Балқарлар этномәдени бірлестігінің белсендісі, Қордай ауданының Құрметті азаматы Танзилия Апаева биыл бірінші сыныпқа баратын екі бүлдіршінді оқуға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Жыл сайын дәстүрлі акцияға атсалысып, өзге де шараларда жомарттықтың үлгісін көрсетіп жүрген ҚХА меценаты Танзилия Мудалифовна жас шәкірттерге сияпатын табыстап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.