19 тамыз күні, сағат 10.00-де Қордай ауылының орталық алаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында балаларды мектепке даярлау бойынша жәрмеңке өтеді. Онда мектеп формасынан бастап оқу-жазу құралдарын жергілікті кәсіпкерлер арзандатылған бағамен сатылымға шығарады. Яғни, жәрмеңкеде нарықтағы өнім, ондағы мектеп формасы мен оқу құралдары көпшілікке көтерме саудамен ұсынылмақ. Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Орталық алаң уақытша
жабылады
19 тамыз күні Қордай ауылының орталық алаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуіне байланысты Төле би көшесінің Жібек жолы мен Домалақ ана қиылысына дейінгі аралығы уақытша жабылады.
Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты