МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Дүйсенбі күні ауданымызға «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Н.Оразтаев, Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Ж.Бастаубаева жұмыс іссапарымен келіп, бірқатар білім нысандарын аралады.

 

Халық қалаулыларын аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қарабай, ауылдық округ әкімі Әділет Қаспақбаев қарсы алып, сапар барысы аудан әкімдігінде өткізілген жиыннан басталды. Әрі қарай аудандағы №1 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясы, «Бәйтерек» балабақшасы, №6 Шерхан Мұртаза атындағы мектебіне барып, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мектеп ғимаратын көріп, асханасы мен спорт залын, оқушылардың спорттағы жетістіктерімен танысып, акт залын аралап көрді. Сонымен қатар, білім саласының өзекті мәселелері талқыланды.

Іс сапар барысында депутат аудандағы мектептерді аралап қана қоймай, оқушылардың білімін одан әрі арттыратын жаңа оқу бағдарламаларының үлгісімен де танысты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.