Осы аптада аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Тасболат Тулегенов және аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбековпен бірге ауданымыздағы құрылысы жүріп жатқан мектептердің жұмыс барысын зерделеу мақсатында бірқатар білім ошақтарын аралап, бүгінде қарқын алған жұмыстармен танысты.
Ең алдымен Арал ауылындағы 180 орындық орта мектептің құрылысын барып көрді. Өткен жылдың сәуір айында құрылысы басталған нысан бүгінде толығымен дерлік аяқталған. «Тек ішкі лифт пен санторабын орнату қалды. Мектеп жабдықтары да жеткізілді»,- дейді жауапты мердігер ««Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС-нің өкілі. Мектеп 1 қыркүйекте барлық сән-салтанатымен балаларды қабылдауға дайындық үстінде.
Келесі кезекте Дамира Маратқызы мен облыстық департаменттің бас маманы Степное ауылындағы №24 орта мектепте жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Осы жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жұмыстың 60% орындалған, оның ішінде демонтаждық жұмыстар — 90%, электр жүйесі — 85%, жылу беру жүйесі-50%, ішкі әрлеу жұмысы — 75%, шатыр — 95%, сыртқы әрлеу жұмысы — 25%, терезе орнату — 90%-ға аяқталған. Сондай-ақ, жұмысшылар мектептің оң жақ қанатының ішкі әрлеу жұмыстарын бастаған екен. Жалпы құрылыс басында 40 адам жұмыс атқаруда. Мұндағы құрылыс жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысқан зерделеу тобы құрылысшылар мен жауапты мамандарға сапаға баса мән беруді ескертіп, құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ал жауапты мердігер жаңа оқу жылының алғашқы күніне мектептің құрылысын аяқтауға бар күшімізді саламыз деп уәде етті.
МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Prev Post
Next Post