Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және өңірлерге инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында Жамбыл облысында тағы бір ірі инвестициялық жоба қолға алынды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жамбыл облысының Меркі ауданында «ЭкоФерма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті.
Өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инвестициялық жобаның капсула салу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, жаңа нысанның құрылысына сәттілік тіледі.