Мемлекет басшысы қоғам мен билік арасындағы өзара сенім мен ашық диалогтың маңыздылығына тоқталып, мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Президент алқалы жиынның ашылуымен құттықтап, форумға арнайы келген қонақтарға алғыс білдірді. Оның айтуынша, жиын барысында көтерілген өзекті мәселелер мен айтылған ұсыныстар Үкіметтің назарында болады.
— Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида, – деді Президент.