Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

0

Қордай ауылы                 №281                 28 тамыз 2025 жыл

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 тарауына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі аумағында Индустриалды көлік логистикалық кешенінің құрылысын жүргізіп, кеңейту үшін қосымшаға сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтаждыққа алу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын;
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілсін;
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иесінің жүгінетін орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 ғимарат мекен жайы бойынша орналасқан «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты;
  4. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  5. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қордай ауданы әкімдігінің интернет — ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 Қордай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Сахатов

Leave A Reply

Your email address will not be published.