МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙНАСЫ

businessman hand touch virtual graph,chart, diagram
0

Қордай ауданының Статистика басқармасы — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрылымдық басқармасы болып табылады. Басқарманың негізгі міндеттері:

Мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес, статистикалық көрсеткіштерді жинау, өңдеу және қалыптастыру, орындалатын жұмыстардың сапасын арттыру, статистикалық ақпаратты тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатындағы әрекеттердің нәтижелігін күшейту. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру және халық арасында мемлекеттік қызметшіге деген оң көзқарасты қалыптастыру болып отыр. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады. Мерекенің басты мақсаты – мемлекеттік орындарда қызмет істейтін азаматтардың жұмысқа деген ынта-жігерін арттыру, жылдар бойы сіңірген еңбегін назардан тыс қалдырмай марапаттау, елге талмай еңбек етіп жатқан қызметшінің шығармашылығына шабыт беру, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түсу болып табылады.

Мемлекеттік қызметке мемлекет атынан және оның мүддесі үшін мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарға сәйкес басқарудың әртүрлі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын азаматтардың еңбек қызметі кіреді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші құзіретті, жауапты, коммуникабельді болуы, жұмыс үдерісін ұйымдастыра білуі, сауатты сөйлей білуі және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен этикетін сақтауы тиіс. Біздің басқармадан 6 қызметкер зейнетке шықты, оның ішінде біреуі Қордай ауданының «Құрметті азаматы». Қазіргі уақытта 7 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 2 көп балалы ана және 3 интервьюер еңбек етеді. Біздің басқармада 20 жылдан аса жұмыс атқарып жатқан қызметкерлер де бар және басқармада тек әйел адамдар жұмыс жасайды. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.