Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, іс-әрекеті мен қызметтік әдебіне тиісті бақылау жасалып отыр. Олардың қызметтік әдеп нормаларын бұзбауын және оның алдын-алуды Әдеп жөніндегі кеңестер жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің себебі-оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін жетілдіру. Себебі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне және жүріс-тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны белгілі.
Бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне болуы шарт. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек бос уақытында да, Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкердің негізгі міндеттерінің бірі еңбек тәртібінің талаптарын, яғни, еңбек қызметі барысындағы өзі үшін міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орындау табылады. Егер нақты атайтын болсақ, қызметкердің міндеттеріне мыналар жатады: еңбек функцияларын (яғни, нақты бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша жұмысын) мұқият орындау, ішкі еңбек тәртібіне бағыну, жұмыс берушінің бұйрықтарын (өзі үшін міндетті) орындау.
Әрбір сот қызметкері өзінің жұмыс орнындағы жеке басының жауапкершілігімен, тәртібімен сотқа келген әрбір тұлғаның сотқа деген көзқарасын, сенімін қалыптастыратынын жақсы түсінуі керек.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші мемлекет мүддесін сақтап, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқаруға, жемқорлық әрекеттердің болуына жол бермей, басқа тұлғалардың ар намысын сыйлап, мемлекеттің беделін нығайуына ықпал етуге міндетті.
С.САТЫЛДИЕВА, сот әкімшісінің басшысы