Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

0

Әлемдегі қай елде болсын оның қарыштап дамуына қомақты үлес қосатын мемлекеттік қызметшілердің орны ерекше. Осыған орай елімізде жыл сайын мемлекеттік қызметшілер мерекесі аталып өтіп, күні кеше дәстүрге сай аудандық Мәдениет үйінде кәсіби мереке иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ауданымыздың толғай табыстарға жетіп, өркендеу жолында аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегін елеп, отаншылдық идеясын насихаттауды көздеген атаулы мереке күні аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев жиылғандарды құттықтаудан бастады. Өз сөзінде қазіргі таңда мемлекеттік қызметшіге артылған сүбелі міндеттің жүгі ауыр екенін ескере келе, осындай абыройлы атқа үнемі лайық болуларына тілектестігін білдірді. Ал кәсіби мереке иегерлерін атаулы күнмен құттықтаған аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов ауданның әлеуметтік, экономикалық, мәдени саласын дамытуға үздіксіз үлес қосқан қызметшілерге еңбекте табыс, отбасында береке тіледі. Осылайша кездесу салтанатты марапаттау рәсіміне ұласып, бұл тұста мемлекеттік қызметтің туын биік ұстап, тынымсыз еңбек етіп, халыққа аянбай қызмет ету жолында күш жігерін жұмсағаны үшін бірқатар азаматтар марапатталды.

Алдымен Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Әбеновке берген жоғары тәлім-тәрбиесі мен өнегесі үшін Жамбыл облысының әкімінің Алғыс хатымен оның ата-анасы – Қажымұқан Әбенов және Жаклима Наженова марапатталады. Осы секілді Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы Алижан Аманжолға берген жоғары тәлім-тәрбиесі мен өнегесі үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен Динара Далбаева марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі жемісті еңбегі және міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Жанат Дадабаеваға ұсынылды.

Осыдан бөлек мемлекеттік қызметте көпке үлгі болып жүрген келесі азаматтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының Алғыс хатымен марапатталады: Әділет Қаспақбаев, Бауыржан Жәнетұлы, Гүлден Кеңесбаева. «Әкем, анам және мен спорттық жанұя» облыстық фестивалінде жүлделі 1 орынға ие болғаны үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының алғыс хатымен Нұрлан Мәди және Алина Почуева марапатталды.

Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен келесі азаматтар марапатталды: Жүсіпбек Спанов, Нұрила Рахимбаева, Бике Қараджанова, Сулейман Харсанов, Динаркүл Мейрманова.

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген мемлекеттік қызметші аудан әкімінің кеңесшісі Ұлан Менболатқа берген жоғары тәлім-тәрбиесі мен өнегелері үшін Қордай ауданы әкімінің Алғыс хатымен Ғабит Мұздыбаев және Балхия Адырбекова марапатталса, Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ақберген Иманахынға берген жоғары тәлім-тәрбиесі мен өнегесі үшін Қахарбек Байтұрсынов және Қарақат Манчарова марапатталды.

Қордай ауданы әкімінің Алғыс хатына Рая Жасыбаева, Лизада Нұркеева, Гүлнәр Әлімжанова, Минаш Қарашигенова, Күлпән Әділханова, Бауыржан Сыдыков, Абдыхаим Абдалиев, Алтынкүл Агабаева, Марина Болгова, Ерлан Нурмаханбетов, Ержан Жексембеков, Шынар Джайлямышева, Анар Базарбаева, Куат Ембергенов, Нұрлан Алтаев ие болды.

Марапаттаудан кейін бірнеше азамат мемлекеттік қызметте адал еңбек етуге ант берді. Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы Нұрсұлтан Асқар, Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсет Есбосынов және Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлдана Сатқали сахна төріне көтеріліп, салтанатты түрде ант берді. Осыдан кейін салтанатты шараға жиналған көпшілік орындарынан тұрып, ҚР мемлекеттік Әнұраны шырқалды.

Жиында сондай-ақ бірқатар полиция қызметкерлері де Алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.