МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР ҚОРДАЙДА БОЛДЫ

0

Дүйсенбі күні ауданымызға жұмыс сапарымен ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов келіп, аудан әкімі Бегзат Болатбековпен бірге Гвардейский қалашығындағы бірқатар нысандармен танысты.
Ғали Қуанұлы алдымен арнайы жиын өткізіп, оған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының, Өңірлік саясат және саяси құжаттар мониторингі департаменті Өңірлік даму басқармасының, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің, Жамбыл облысы прокуратурасының өкілдері және тағы басқалар қатысты.
Жиыннан соң Мемлекеттік инспектор «OtarBioPharm» ЖШС жұмысын арнайы барып көрді. Пандемия кезінде қарқыны еселей түскен серіктестік жұмысы қазір әлемдік стандарттарға сәйкес атқарылуда. ЖШС өкілдерімен жүздескен мемлекеттік инспектор келесі кезекте әскери қалашық аумағында салынып жатқан BSL-3 лабораториясының құрылыс жұмыстарын көріп, одан кейін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтында болды. Аты әлемге танымал институтта ғалымдармен жүздесіп, қазіргі таңда қолға алып жатқан жұмыстары, алдағы жоспарларымен танысқан Ғ.Кенжеахметов ұжым жұмысына сәттілік айтты. Осыдан соң бірер жыл бұрын бой көтерген институт қызметкерлеріне арнайы салынған көпқабатты үйлер мен сол маңда бой көтерген спорттық-сауықтыру кешенінде болып, жұмысымен танысты.
Осыдан кейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов және аудан әкімі Бегзат Болатбеков қалашық тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.