МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ

0

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген  «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес 8 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді және 2023 жылдың 10 айында 2 064 оның ішінде, 1 918 қанағаттандырылып, 146 бас тартылған.

1)  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» — 47;

2) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» — 1 863;

3)  «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» — 5;

4) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» — 3;

5)  «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»

6) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

7) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»

8) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».

Көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратқа қол жеткізу, түсінбеушіліктер мен сұрақтар туындаған жағдайда бөлімге келіп, толық және қолжетімді ақпарат алуларыңызға болады.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-нің мекенжайы Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 278 («Аманат» партиясының ғимараты, 1-қабат)

Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.