Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!

0

Гвардейск гарнизонында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі аталып өтті.

Әскери бөлімдерде айтулы мерекені атап өту құрметіне орай салтанатты митинг өтті. Салтанатты шарада еліміздің мемлекеттік рәміздері – ту, елтаңба саптық алаңға салтанатты түрде шығарылып, еліміздің әнұраны орындалды. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздердің авторлары мен шығу тарихы айтылды.

Сонымен қатар Гвардейск гарнизоны мен Қордай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мемлекеттік рәміздер күніне орай гарнизонның спорт кешенінде «Жастар спортпен бірге» тақырыбында спорттық іс-шара өтті. Онда 18-29 жас аралығында ерлер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шара барысында қауіпсіздік ережелерінің талаптары мен санитарлық нормалар сақталды. Ойынға «Ұландар», «Қарасай батыр», «Жас артиллерист», «Отар жастары», «Сұңқар», «Қыран» командалары қатысып, жарысты.

— Ата-бабаларымыз арман етіп, қол жеткізген Тәуелсіздігіміз бен Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп сақтау және құрметтеу міндетіміз. Бұл шараның мақсаты мемлекеттік мерекені спортпен байланыстыра отырып, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың бойындағы ұлттық рухты байыту, және бейбітшіліктің қадірін ұғындыру, — деді 40-шы «Отар» Әскери базасы бастығының орынбасары полковник Ерболат Шерімбетов.

Волейбол жарысының нәтижесі бойынша жеңіске жеткен «Ұландар» командасы, ал екінші орынды «Қарасай батыр» командасы иеленді. Үшінші орын «Отар жастары» командасына бұйырды. Жеңіске жеткен командалар кубок, грамоталармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Гвардейск гарнизонының

баспасөз қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.