4 маусым елімізде мемлекеттік рәміздер күні аталып өткен болатын. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері–Туы, Елтаңбасы, Әнұраны –дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Бейсенбі күні қастерлі символдарымыз қандай деңгейде пайдаланып, жыл бойы қалай насихатталатыны арнайы комиссия отырысында қаралды.
Жиынға басшылық еткен аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай отырыста 2 мәселені талқылауға ұсынды. Комиссия отырысына бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Әр түрлі мемлекеттік мекемелердегі желбіреп тұрған Тудың дұрыс ілінуі, өзге де рәміздердің пайдалану тәртібі әрдайым қадағаланып тұратыны белгілі. Таяуда аудандағы мемлекеттік мекемелерге арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындысын ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қарабаев көпшіліктің назарына ұсынды. Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша Қордай ауданы білім бөлімінің бас маманы Асхат Қалдарбеков және Қордай АОА бас дәрігерінің орынбасары Иван Черных аудан мекемелеріндегі рәміздерді насихаттау пайдалану және қолдану жөнінде өз баяндамаларын оқыды. Мемлекеттік рәміздерге зерделеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, бірнеше мекемелерде кемшіліктер анықталып, комиссия төрайымы Дамира Маратқызы оларды жою бойынша жауаптыларға тапсырма беріп, әкімшілік жауапкершілік бар екендігін еске салды.