11 сәуірде Қордай ауданы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі комиссиясының І отырысы өтті.
Комиссия отырысы аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың төрағалығымен ұйымдастырылып, оған комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, пайдалану және қолдану мәселелері қаралды. Аталған бағытта жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған кемшіліктер туралы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Қабылтай Таңат Үсеналыұлы баяндама жасады.
Сондай-ақ, Қордай аудандық білім бөлімі мен Қордай аудандық орталық ауруханасының Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша атқарған жұмыстары жөніндегі есептері тыңдалды.
Отырыста Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен насихаттау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру, құқықтық талаптарды сақтай отырып қолдану және орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.