Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл – еліміздің егемендігін айқындайтын басты белгінің бірі.
Мемлекеттік тілді дамыту – тек тіл мамандарының ғана емес, барша қазақстандықтың ортақ міндеті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында қазақ тілінің рөлін нығайту, оның қолданыс аясын кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Себебі, тіл – ұлттың жаны, рухани тірегі.
Мемлекеттік тілдің өркендеуі – ұлттың өсіп-өркендеуінің кепілі.
Қазіргі таңда қазақ тілін дамыту бағытында көптеген жобалар жүзеге асуда: балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін қазақ тілінде білім беру, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу, БАҚ-та қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру – бұның барлығы тілге деген құрметтің айғағы.
Әр азамат күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға тырысса, тіл мәселесі өздігінен шешімін табары сөзсіз. Ұлттық тілімізді ардақтау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз.
Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдідамыту – ел бірлігін нығайтудың, ұлттық рухты көтерудің негізі. Тіліміз төрде тұратын күнге бәріміз бірге үлес қосайық!
Ұ.ОМАРБАЕВА, Қордай аудандық сотының жетекші маманы