МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ

0

Біздің мемлекетімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында тіл саясатын іске асыруға байланысты біршама ауқымды істер атқарылған. Бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, оны іске асыру үшін мол қаражат бөлінген болатын. Десек те, елімізде әлі де мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шаралар керек-ақ.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенін ең қуаттысы — тіл», деген А.Байтұрсынов атамыздың сөзіне сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатының дұрыс жүргізілуінің жемісі.
Қазақ тілі – халық қазынасы, ұлт жаны, тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тәрбие тілден басталады. Әр отбасы баласының тілі шыға бастағаннан оған қазақ тілін үйретуді қолға алуы қажет.
«Ана тілін білмеген анасын да сыйламас» демекші, халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, өз мемлекетіміздің тілін, ұлтын қадірлеу біздің міндетіміз.
Тіл деген – халыққа деген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, оны дамытуға үлес қосуы тиіс. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің мәртебесін көтеруге әрқайсымыз ықпал етуіміз қажет. Бұл біздін басты мақсатымыз.

А.БАЗИМОВА, Қордай аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.