МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

0

Қордай ауылындағы орталық алаңда 25 қазан — Республика күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Бұл мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан тұрғындары және қонақтары қатысты.

Рәсім салтанатты түрде марш әуенімен басталып, Мемлекеттік Ту жоғары көтерілді. Көпшілік қазақтың көк аспанымен үндескен, еркіндік пен тәуелсіздіктің белгісіне айналған Тудың желбіреген сәтін тамашалап, мақтаныш сезімін ұғынды.

Ту көтерілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, сахнада отаншылдықты дәріптейтін әндер орындалды. Ел бірлігін, патриоттық рухын айшықтайтын шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.