МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

0

21 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайдың төрағалығымен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі ІІ Кеңес отырысы өтті. Аталмыш кеңеске ауылдық округ әкімдері, Кеңес мүшелері, колледж директорлары мен белсенді жастар қатысты.

Кеңесте бекітілген жоспарға сәйкес келесі сұрақтар қаралды. Бірінші болып ауданда мемлекеттік жастар саясатының орындалуы және аудандағы дарынды жастарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Айнұр Абықаева баяндама жасаса, екінші кезекте сөз кезегі аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Көпешовке беріліп, ол жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу туралы жайына тоқталды. Келесі болып Қақпатас, Ауқатты ауылдық округтерінің әкімдері округтегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндама жасаса, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Расул Беделбаев есеп берді.
Кеңес соңында Қордай ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаны үшін бірқатар жастар ҚР-нің Президенті Қ.К.Тоқаевтің және Республикалық қоғамдық жетекшісі Е.Қошановтың, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаевтің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.