«МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН!»

0

Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданына қарасты «Сортөбе» шекара бөлімшесінің бірлесуімен «Мен өз елімнің патриотымын!» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу сарбаздардың бойында батылдықты қалыптастыру, қиын сәттерде берілмей, өмірлік сынақтардан сүрінбей өтудің жолдарын үйретуге бағытталған тренинг форматында өтті.

Кездесудің мақсаты — сарбаздарды Отанды сүюге, оны құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу, елдің тарихы мен тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар, патриоттық, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру арқылы өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын, белсенді азаматтарды қалыптастыру көзделді.

Кездесу еркін форматта өтіп, сарбаздар тренингке ерекше белсенділікпен қатысты. Олар пікір білдіріп, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды ынтамен орындап, өздерінің танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын таныта білді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.