1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудандық мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығында қызмет алушы балалардың қатысуымен «Мен сурет сала аламын, мен сурет саламын» атты сурет байқауы өтті.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, әлеуметтік мәнділік сезімін қалыптастыру мақсатында өткен іс-шараға Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының кадр бөлімінің басшысы С.Тулеуов, Ауған соғысының ардагері М.Мінісқұлов, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі С.Қасымбекова қатысып, бүлдіршіндерге жылы лебіздерін жеткізді.
Мерекеге орай ұйымдастырылған бай-қау сурет салу және қолөнер бұйымдарын жасау сынды екі бағыттан тұрды. Орталықтың ішінде балалардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары мен салған суреттерінен көрме ұйымдастырылып, шара қонақтарының назарына ұсынылды. Жас суретшілер мен қолөнершілердің жұмыстарын тамашалаған кеш қонақтары барлық байқау қатысушыларына «Amanat» партиясы аудандық филиалының және Қордай аудандық Шекара басқармасының атынан грамоталар мен сыйлықтар табыстады.