МЕНІҢ АНАМ, МЕНІҢ ӘЖЕМ ТАМАША!

0

Әр адамның өміріндегі ең әдемі, ең қымбатты жан – оның анасы. Ана – бізді барлық қиындықтардан қорғайтын періште, біз үшін мейірім мен жылулықтың символы. Біз ең алғаш көріп, бірден сүйіп қалған жанымыз да – ана. Балалар ғана ана мен әже туралы шынайы, жүректен шыққан сөздер айта алады.

Ана – отбасындағы ең мейірімді әрі қамқор жан. Ол барлық сырларымызды білетін, біз үшін әрдайым жанын беруге дайын адам. Кейде анамыз бізді ұрсып, жазалауы мүмкін, бірақ біз оны бәрібір шексіз жақсы көреміз. Өйткені ана өз баласының бақыты мен жайлы өмірін ойлайды. Оның махаббаты мен мейірімі үйімізді жылылыққа толтырады.

Ал әже – отбасының тірегі, ұрпақтар арасындағы алтын көпір. Немерелері үшін ол ең сенімді дос, сырлас әрі ақылшы. Әжелер тек баланы еркелетіп қана қоймай, оларды тәрбиелейді, отбасы дәстүрлерін үйретеді. Немерелерінің бойына мейірімділік, адалдық және өмірлік құндылықтарды сіңіреді. Олардың даналығы мен қамқорлығы балалардың жүрегінде мәңгі сақталады.

 

БАЛАЛАРДЫҢ АНАСЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ

МИРАС, 12 ЖАСТА:

«Анам Мақпал – қаржыгер-экономист. Ол өте көп жұмыс істейді, мен мұны жақсы білемін. Анам мен үшін бейбітшілік пен махаббаттың символы. Ол өте әдемі, сәнді, керемет жан. Мен оны шексіз жақсы көремін және ешқашан ауырмауын қалаймын.»

АЙҒАНЫМ, 12 ЖАСТА:

«Менің анамның аты – Роза. Ол аудандық ауруханада санитарлық қызметкер болып жұмыс істейді. Ауырған кезімде маған әрдайым көмектеседі. Біз бірге серуендеп, уақыт өткізгенді ұнатамыз. Мен анамды қатты жақсы көремін және оның әрдайым бақытты болғанын қалаймын.»

САЛАХАДДИН, 10 ЖАСТА:

«Анам менің жарқын болашағым үшін барын салады. Ол есепші-кассир болып жұмыс істейді және өз ісінің нағыз маманы. Болашақта мен де анам сияқты жауапты әрі табысты болғым келеді. Анам менің ең жақын досым!»

НҰРАЙЫМ, 9 ЖАСТА:

«Анам Аида мұражайда жұмыс істейді. Ол маған туған жеріміздің тарихы туралы көп нәрсе үйретеді. Біз бірге тамақ әзірлегенді ұнатамыз. Ол менің сүйікті тәттілерімді алып береді, мен оны әлемдегі ең мейірімді және керемет адам деп білемін.»

 

ӘЖЕЛЕР – ОТБАСЫНЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫҒЫ

ТӨРЕКЕЛДІ, 8 ЖАСТА:

«Менің әжем Гаухар Мұханқызы – бас есепші. Ол қанша жұмысы көп болса да, бізге уақыт табады. Бізбен сабақ оқып, ақылын айтып, әрдайым қолдау көрсетеді. Әжем ешқашан шаршамайды, әрдайым күлімдеп жүреді. Мен оны қатты жақсы көремін!»

КӘУСАР, 8 ЖАСТА:

«Менің әжем Ләззат – бастауыш сынып мұғалімі. Ол адамдарға көмектес-кенді ұнатады, барлығына мейірімділікпен қарайды. Әжемді бәрі жақсы көреді, өйткені ол шынайы және жүрегі таза жан. Мен оны мерекемен құттықтаймын!»

ИБРАХИМ, 4 ЖАСТА:

«Менің әжем Мадина Мақанқызы – мұғалім. Ол маған сурет салуды, пластилиннен мүсін жасауды, оқуды үйретеді. Ол маған ең пайдалы тағамдарды әзірлейді, ертегілер айтып береді. Әжем мен үшін – ең жақын жан.»

АЛИНА, 9 ЖАСТА:

«Менің әжем – ардагер мұғалім Раиса Нұрғалиева. Ол бізге білімін, өмірлік тәжірибесін үйретеді. Әжемнің бау-бақшаға деген сүйіспеншілігі ерекше. Ол еңбекқорлық пен тәртіптің маңыздылығын бізге күн сайын көрсетіп отырады. Мен оны қатты жақсы көремін!»

 

АНАЛАР МЕН ӘЖЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ

Әр отбасы – өзіндік тарихы бар ерекше әлем. Бірақ әр отбасының жүрегі – ана мен әже. Олар бізге жылулық сыйлайды, қолдау көрсетеді, өмірдің ең маңызды құндылықтарын үйретеді.

Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, мейірім және отбасыларыңыздың шексіз сүйіспеншілігін тілейміз!

Әңгімелескен Анжела ИЗАЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.