МЕРЕЙТОЙ ІЗІМЕН

0

5 желтоқсан күні Қордай ауданында еліміздің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, ерен еңбегімен танылған Төле Аманжолұлы Сүгірбайдың 85 жас мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Бұл айтулы мерекеге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет бастаған бір топ белді азаматтар қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінде өткен жиында Құрметті азаматтың өмірі мен еңбек жолы турасында үзік сырлар да айтылды.

Төле Аманжолұлы – Жамбыл облысы мен Қордай ауданының «Құрметті азаматы», «Құрметті ардагері» атақтарына ие болып, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған тұлға. Оның өмір жолы – ерен еңбек пен қоғамдық белсенділіктің жарқын үлгісі.

Мерейтой иесін құттықтау рәсімі шағын дастархан басында өтті. Төле Аманжолұлына арналып арнайы шапан жабылып, мерейтойға арналған құттықтау папкасы табыс етілді. Жиналғандар мерейтой иесіне ақжарма тілектерін арнап, оның ерен еңбегі мен қоғамдық қызметін жоғары бағалады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әбдікерімұлы өз сөзінде Төле Аманжолұлының өмір жолына тоқталып, оның еліміздің дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Одан кейін сөз алған Президиум мүшелері Анатолий Шупта мен Анатолий Бражников, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Құрманбек Әлімжан, медицина ардагері Сәтбек Саламатов, Еркінбек Құттықов және 16 жыл бойы Төле Аманжолұлымен бірге еңбек еткен Эльмира Қадырқұлова да өздерінің жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Олар Төле Аманжолұлының ауданның қоғамдық өміріндегі белсенділігін, оның үлгілі тұлғасын ерекше атап өтті.

Бұл мерейтой Төле Аманжолұлы Сүгірбайдың еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды орнын айшықтап, оның ерен еңбегі мен азаматтық ұстанымына деген құрметтің белгісі болды.

Мадина УЗБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.