Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның азаматтық парызы.
Осы мақсатта, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының эксперименттік алаңындағы 5-6 сынып оқушыларын жетекшілері Қалдыбек Ұлжан мен Ермекбай Әсем «Мейірімді жүрек» жобасы аясында №7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып абзал әжелерімізді мерекемен құттықтап гүл шоқтарын беріп, концерттік бағдарламасын тарту етіп, ыстық лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл күй сыйлады.
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, қарияларымызға құрметпен қарауға үйрету біздің мақсатымыз .
Дарынды шәкірттерге апаларымыз бен аталарымыз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Қалдыбек Ұлжан, Ермекбай Әсем,
қосымша білім беру педагогтары