Қордай аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі мен Қордай аудандық АХАТ бөлімі Қордай аудандық орталық ауруханасымен бірлесіп, мерекелік акция жүргізді. Аталмыш мекемелер Тәуелсіздік күні өмірге келген 17 сәбиге «Сүйінші» атты естелік
бэйби-бокстар таратты.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай табыс етілген «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың туу туралы куәлігі салынған. «Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», — деп жазылған Президенттің құттықтауында.
Сүйінші-бокстарды Цифрландыру министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырды. Құжаттарды дайындау, қабылдау жұмыстарын Қордай аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі жүргізді.
Осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқаны үшін Қордай аудандық АХАТ бөліміне, Қордай аудандық аурухансына және «Қазпочта» АҚ-на, сонымен қатар, аймақтағы медициналық мекемелердің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
М.САРМАНОВ, Қордай аудандық ХҚК бөлімінің басшысы