«МЕРЕКЕЛІК АС ƏЗІРЛЕУ – АҚ ПЕЙІЛДЕН БАСТАЛАДЫ»

0

Көктемнің өктемнің шуақты мерекесі ерекесі– әз Наурыз жақындап жақындап келеді. Қазақстандықтардың Қазақстандықтардың бұл мерекеге мерекеге деген көзқарасы көзқарасы ерекше. Себебі, біз үшін Наурыз – табиғатпен табиғатпен бірге өміріміз өміріміз, жан дүниеміз үниеміз жаңғыратын аңғыратын күн, ой-ниетіміз иетіміз бен жүрегіміз жүрегіміз тазаратын күн. Бұл – кешірім мен түсіністіктің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі.

Ертеде Наурыз мейрамы келмей тұрып адамдар алдымен үйлерін тазалап, ретке келтіріп, мереке құрметіне дастархан жайып, қонақ шақырып, тойдуман өткізетін. Ал бүгінде, ғасырлар өтсе де, ештеңе өзгерген жоқ.

Дәстүрге құрмет көрсетіп, мұндай күні біз де үйде отыра алмадық. Мақала жазу қамымен ел аралап жүріп, жаңа адамдармен танысасың. Осы жолы қонақжай Оксана Чораева есімді азаматшаның мерекелік дастарханынан дәм тату бұйырды. Ол әзірлеген наурыз көженің дайындалу жолының өзі ерекше сыңайлы.

Оксана Чораева қазақ әулетіне келін болып түсіпті. Әрбір қазақ келіні сияқты ол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бойұсынады. Десе де кейіпкердің өзі мойындағандай, қарапайым орыс қызының нағыз қазақ келініне айналуы оңай болмады. Алайда, махаббат үшін көнуге, жаңа өмірге бейімделуге тура келді.

Біз үйіне барғанда Оксана Ивановна ошақ басында тұрып, наурыз көже әзірлеуге кірісті. Ал біз, сырттай
бақылап тұрмыз.
— Мерекелік тағамның дайындалу әдісі өзгеқазақ қыз-келіншектерінікінен ерекшеленбейді. Әлдебір жаңашылдық енгіздім, деп ойламаймын, бәрі де дәстүрлі. Дәмді ас әзірлеу үшін махаббат пен сүйіспеншілікті бірге қосу керек. Өйткені, біз оны, ең алдымен, туған-туысқа дайындаймыз, – дейді әйел күлімсіреп.

— Оксана, ұлттық тағамды жасауды кім үйреткен еді?

— Есімде жоқ, нақты айта алмаймын, жәй қарап жүріп үйрендім десе де болады. Қызығатынмын, білмегенімді сұрайтын едім.

Ет піскенге дейін ол өз оқиғасын айтып берді. Қазір ғой ол отанасы, дана келін болып отырғаны. Осыған дейін күрделі жолдан өту керек болды.

— Оның келін болу оқиғасы осыдан 25 жыл бұрын басталды. Тұрмыс құрар алдында жасы он сегізге де толмаған. Әрине, ата-аналары қарсы болды. Жас мәселесімен қатар ұлттық мәселе де көтерілді. Өтірік айтпаймын, басында оңай болған жоқ. Жаңа менталитет, басқа отбасы, өзге ұлт: жаңа принциптерге үйренуге көп уақыт қажет болды. Мысалы, қазақотбасыларға тән қасиет: үзілмейтін қонақтар, оларды күту. Мен мұны түсінбейтінмін. Бірақ біздің махаббатымыз күштірек болып шықты. Күйеуімнің отбасы мені жақсы қабылдады. Қайын енем қазақтіліне үйретті (ред.: Оксана әңгімені тек қазақша жүргізді). Өкінішке орай, күйеуімнің ата-анасы бұл дүниеден ерте өтіп кетті. Мен оларды әрдайым жылы лебізбен еске алып, мүмкіндігінше Құран оқуға, бағыштауға тырысамын. Мен мұны өз міндетім деп санаймын, — дейді Оксана.

Осы сәтте мерекелік астың басқа да дәм-тұзын дайындап жатқан еді.

— Дәнді бөлек суда жұмсақ болғанша қайнатқан дұрыс, содан кейін суды ағызып, сүт қосып қайнату керек, — деп ол өз құпиясымен бөліседі.

Оксана күйеуі екеуі бес бала тәрбиелеуде. Үлкен қыздары ата анасының тірегі, ұлдары шаңырақтың жалғасы, отбасының үміті. Бүгінде Оксана Ивановнаның өзі құрметті құдағи және төрт мәрте әже атанып үлгерген.

— Әр отбасы үшін өз халқының салтдәстүрін сақтау маңызды. Балаларымызды осылай тәрбиелейміз. Өз отбасының әдетғұрпын бағалай білу және жалғастыру қажет. Және бұл мәселеде ана рөлінің ерекшелігін атап өту керек. Біз өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз маңызды. Сондықтан біздің үйдің есігі дәстүрге сай қонақтарға әрқашан ашық. Біз бүкіл отбасымызбен дастарханға жиі жиналамыз. Бесбармақ, наурыз көже, бауырсақ дайындаймыз. Осындай игі дәстүрді ұрпақтарымыздың да жалғастыруын қалаймын. Осылайша біз ұлттық құндылықтарды сақтаймыз, — дейді ол.

Әңгімелесіп отырып мерекелік дастархан да дайындалды. Қонақтар дастарханға отыра бастады. Кеселерге Наурыз көже құйылып, үй иесінің атына алғыс сөздер айтылуда.

— Келін болу оңай. Ал, ибалы, отбасы дәстүрлерін жалғастырушы, сыйлы бола білу қиын. Басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуды ойласаң, алдағы қиыншылықтарды ұмытпа. Бақытты өмірдің негізгі құрамдас бөлігі – махаббат, – деп сырын ашады сұхбатшымыз.

Оксанаға қарап, оның өзіне жат болған отбасының тұрмысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қабылдап, түсініп қана қоймай, жан-тәнімен ғашық болғанын түсінесің. Ол қазақилыққа тән ұлттық құндылықтарға кір келтірмей, керісінше өз үлесін қосып, жалғастыра білді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.