МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл толуына орай, Қордай ауданындағы әскери заставаларында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен меркелік шаралар ұйымдастырылды.

 

Шекара шебін бек күзетіп жүрген жандарға аудан басшысы Бегзат Болатбековтың: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетіп, әрқашан Отанының мүддесін қорғау үшін өзінің әскери борышына адал болып қалатын азаматтардың мінсіз қызметі — қазақстандықтардың қауіпсіз өмірі, елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың кепілі. Істеріне береке, мықты денсаулық, елімізге ашық аспан тілеймін», — деген құттықтауы да жеткізілді.

Аталған іс-шара шекара қызметкерлерінің күнделікті батыл еңбектерін және еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғаудағы жауапкершілігін ерекше атап өтуге арналды.

Қордай аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, шекарашылардың рухын көтерді. Әскери заставадағы шекарашылар үшін бұл мереке елге қызмет етудің жауапкершілігін тағы бір рет еске салатын ерекше күн болды.

Ел тыныштығын күзетіп, күндіз-түні көз ілмейтін шекара қызметінің маңызы жоғары. Елдің шетінде, желдің өтінде жауапты қызметте жүрген тыныштық кепілі шекарашыларды төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.