МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС САПАСЫ АРТТЫ

0

Масаншы ауылында жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігі пайда болды. Енді ауыл тұрғындарына «Beeline» мобильді операторы қызмет көрсететін болады. Еліміздің жетекші мобильді операторы желіні кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіп, халық саны 20 мыңнан асатын ауылды желіге қосты.

Ауданымызда халықтың өмір сапасына әсер ететін инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Масаншылық тұрғындар мобильді телефон байланысының әлсіздігі мен интернеттің баяулығына байланысты көптеген қиындықтарға тап болған еді. Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың жетекшілігімен өткен шаралар аясында, халықтың ұсыныстары мен пікірлері ескеріле отырып, байланыс мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл құрылғының орнатылуы тұрғындардың күнделікті өмірінде айтарлықтай оң өзгерістерге алып келмек. Енді ауыл тұрғындары интернетке оңай әрі жылдам кіре алады. Бұл өз кезегінде білім алуға, жұмыс іздеуге, бизнес жүргізуге және әлеуметтік желілерде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Мобильді байланыс қызметінің сапасы артып, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы да жеңілдей түспек. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты, мобильді байланыстың жақсы болуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл тұрғындардың өзара байланысын ғана емес, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен кәсібін дамытуға да ықпал етеді. Мысалы, фермерлер енді жаңарту мен өнімдерді сатудың заманауи тәсілдеріне оңай қол жеткізіп, өз өнімдерін нарыққа жылдамырақ ұсына алады.

Ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған осындай шаралардың жүзеге асырылуы, шын мәнінде халықтың сеніміне ие болудың көрсеткіші. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы, ауданның дамуына да оң әсерін тигізеді.

Алдағы уақытта да адамдардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыру бағытында жұмыстар жалғасын табатынына сенімдіміз.

Әділет ДҮЙСЕНҰЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.