МОЛ ӨНІМ АЛУҒА ҮМІТ БАСЫМ

0

Биылғы жылға егістік жер көлемі 137,4 мың гектар болып отырғаны туралы газетіміздің өткен сандарында жазған болатынбыз. Ендігі кезекте сол алқапты мейілінше пайдаланған абзал.   Жалпы аудан шаруалары дақылдарды   100,8 мың гектар  алқапқа орналастыруды жоспарлаған болатын.  Оның ішінде  дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың өзі 63,6 мың га болып отыр. Оның ішінде күздік бидай — 20,1 мың, жаздық арпа — 36,5 мың, дәндік жүгері — 7 мың, қант қызылшасы – 0,3 мың, картоп – 2,5 мың, көкөніс – 3,5 мың, бақша дақылдары – 0,3 мың, мал азығы дақылдары – 30,6 мың гектар алқапты құрайды.

Қазіргі таңда  36 500 гектарға себілу керек болған жаздық арпа соңына жетті десе болады.  3 500 га жоспарланған көкөніс себу жұмыстары да аяқталды.  5300 гектарға жоспарланған көп жылдық шөп межеден асып түскен.

Жекелей шаруашылықтарға тоқталсақ, қазіргі таңда заманауи «Джон Дир» тракторлары күшімен «Бай-Нұр» ШҚ арпа себушілер ішінде көшбасшылар қатарында. 100 гектар алқапқа жоспарланған арпа күз айларында мол өнім береді дегенге үміт басым. Оған ауа-райы да биыл қолайлы болады, деген болжам бар.

Мереке күндері өткен соң шаруалар алғашқы суару жұмыстарына көшетін болады. Былтырғы жылғы жағдай қайталанбас үшін «Казсушар» РМК аудандық бөлімшесі қызметкерлері жылдамырақ олармен келісім-шартқа отыру қажеттігін ескертуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.