«МЫҚТЫ ЕЛГЕ МЫҚТЫ ҰРПАҚ»

0

Ауданымызда осы өңірден шығып, бүгінде түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектерді жастарға таныту, үлгі ету мақсатында «Жомарт түлек» жобасы қолға алынып, осы уақытқа дейін бірқатар аудан мектептеріне өз шарапатын тигізіп келеді. Жуырда №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінде аталмыш игі жоба аясында үлкен қайырымдылық іс атқарылды.

Дәлірек айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, «Жомарт түлек» жобасы аясында Өтеген батыр ауылының жастар тарапынан құрылған «Өтеген батыр қазынасы» қоғамдық қайырымдылық қорының есебінен, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларының пайдалануы үшін мектептің спортзалына спорттық керек- жарақтар тарту етілді. «Бұл оқушыларымыздың спорттық шыңдалуына пайдасы болары сөзсіз. Сондай-ақ, аға буын өкілдерінің туған өлкеге, ұшқан ұя мектебіне деген құрметі деп білеміз»,-дейді №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінінің ұстаздары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.