НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ

0

Қордай ауданында Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы С.Сәлемов төрағалық етті. Облыстық комиссияның көшпелі отырысында Қордай аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрайымы Д.Сүгірбай, аудандық полиция бөлімінің басшысы А.Алметов кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша есепті кезеңде атқарылған жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Қ.Салықбаева Қордай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жұмыс тобының қорытындысын оқып таныстырып, аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасындағы кемшіліктерге тоқталып өтті.

Көшпелі отырыс соңында комиссия төрағасы С.Сәлемов құзырлы органдарға анықталған кемшіліктердің орын алуына кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері туралы мәселелерді қарау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және кәмелетке толмағандар мен оларға қатысты жасалатын қылмыстардың жолын кесу бойынша нақты шаралар қабылдау бойынша тапсырма берді.

Сәуле МҰХАДИНҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.